Алматы үздіксіз білім беру университетінде оқу процессі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілдің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, теория жүзінде алған білімдерін студенттер өндірістік практикада пысықтайды.
Университеттің профессорлық-оқырушылық құрамы білікті ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтылған: атап айтқанда, 5 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты. Білімгерлер білімінің сапасын арттыру мақсатында университет оқытушылары электрондық оқулықтар әзірлеп, оқу және оқу-әдістемелік құралдар шығарды. Университеттің оқу процессі дәстүрлі және инновациялық оқу түрлерін үйлесімді байланыстырады.
http://www.auno.kz
Сайт айдары: Білім және ғылым | ЖОО
|