Білім беру мазмұнын байыту, жетілдіру, оны жүзеге асыру технологиясын іздеу – қазіргі басты мақсаттардың бірі. Білім мазмұны технология арқылы жүзеге асады. Технология – оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін – тиімді, нәтижелі ізденістерін – талап етеді. Сонымен, оқыту технологиясының мәнін мұғалім тарапынан ұйымдастырылатын сабақтардан іздейміз. Осы орайда, баланың білім алу, даму, білімді өз белсенділіктерімен алуларына жол ашатын, тағы басқа іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра алатын, бірнеше мұғалімнің озық үлгіде жасалған іс-тәжірибелері ұсынылып отыр. Оқытып отырған әр шәкіртті шығармашылық тұлға биігіне жеткізу мақсатында оқытудың озық үлгілерінде еңбек етіп жатқан бүгінгі ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілеймін!
http://abaimektep.kz
Категория сайта: Образование и наука | Школы, гимназии, колледжи
|